«Ақ орамал» республикалық акциясын
қолдау мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар
кітапханасы «Ғажап» мүгедек
балаларды қорғау орталығында «Сарқылмайтын
жылылық, ана аты – ұлылық» атты кездесу ұйымдастырды.
Шараны
кітапхана директоры С.М.Хакимова ашып, «Ақ орамал» акциясы болашақ ұрпақтың жүрегіне ізгілік ұялататынын атап кетті.
«Тазалық пен адалдықтың белгісі» атты презентация ақ
түстің мән-мағынасын жан-жақты түсіндірді.
«Ғажап» орталығының
балалары А.Берталин, А.Қалдыбаева аналарға жырдан шашу шашса, А.Пилипенко, Н.Ғалым
сазды бағдарламасын ұсынды.
Кітапхана
әдіскері Г.С.Сейтімбетова адамзат өмірінің негізі
- орамалдың киелігіне тоқталып, жас ана Ж.Кабиеваға ақ жаулық жапты.
Орталықтың
тәрбиешілер - Ә.Түлеуқұлова,
Б.Мырзабаева, Р.Иманбаева, С.Маймақова кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп,
өздерінің жүрекжарды жылы
лебіздерін жеткізді.
Тәрбия әже ақ батасын берді.
Шара соңында тәлім-тәрбиесі мен тағылымы мол іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табады деп сенім
білдіріп, кітапхана ұжымы атынан
аналарға ақ орамал тарту етіліп, балаларға сый-сыяпат көрсетілді.
Titanium White Fennec - White - TITanium Art - www.titanium-arts.com
ОтветитьУдалитьTitanium White Fennec is a pepper titanium coating sauce made from babyliss pro titanium fresh graphite titanium babyliss pro habanero titanium i phone case peppers with a slight citrus trekz titanium pairing aroma. Rating: 5 · 3 reviews