МӘҢГІЛІК МҰРАНЫҢ КЕНІШІ








          Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Темір,  Байғанин аудандық балалар кітапханаларымен бірлесе ақын Н.Байғаниннің туғанына 155 жыл толуына орай «Жалыны күшті жырау-ақын» атты вебинар ұйымдастырды.
Онлайн-режимінде өткен шарада балалар кітапханалары ақын Н.Байғаниннің әдеби мұрасын насихаттауда жүргізген жұмыстарымен таныстырып, іс-тәжірибелерімен алмасты.
Сонымен қатар, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақынға арнайы жасақталған  бұрышының ашылу салтанатын өткізді. 
Кітапханашылар мен оқырмандар Н.Байғанинің 4-ші ұрпағы Қазиев Сергей Қайранұлымен (Темір ауданы), Момын Байғанинің шәкірті Б.Б.Досмұханбетқызымен (Байғанин ауданы) жүздесті. 




                                 




















2015 жылдың  13 қараша күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Облыстық Достық Үйінде ақын Н.Байғаниннің туғанына 155 жыл толуына орай «Нұрпейіс Байғанин – тарихымыздың атаулы тұлғасы»тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Шараның басында қатысушылар  ақын Н.Байғанинге арналған ескерткішіне  гүл шоқтарын қойды.
«Нұрпейіс Байғанин – тарихымыздың атаулы тұлғасы» ғылыми-практикалық конференциясының мақсаты:
-         Ақын, эпикалық жыршы-жырау Нұрпейіс Байғанин шығармаларын жас ұрпақ тәрбиесіндегі  отаншылдық, халықшылдық идеясын қалыптастырудың жетекші факторы есебінде насихаттау;
-         Н. Байғаниннің жыр мұралары мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа үлгі есебінде ұсыну.










Модератор – ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Ақтөбе» облыстық саяси-қоғамдық газетінің редактор орынбасары Ертай Ашықбаев.












Салтанатты шараның құрметті қонақтары – ақын Н.Байғаниннің ұрпақтары ұлы, күйші, домбырашы Момын Байғанин, келіні Манар Байғанина.


Конференцияны Ақтөбе облысының  мәдениет,  мұрағаттар және құжаттама  басқармасының басшысы Н.С.Табылдинова ашты.
Облыстық ішкі саясат басқармасының үйлестірушісі, «Әйтеке би» облыстық мейірімділік қорының төрағасы, Мәдениет қайраткері Е.Құрманбек «Нұрлы жүзді - Нұрпейіс», филология ғылымдарының докторы Ж.Асанов «Нұрпейіс Байғанин және  «Қырымның қырық батыры»«Н.Байғаниннің шығармашылығы, өмірі, әдеби мұрасы» тақырыбына диплом қорғаған М.Мапутова «Нұрпейіс Байғаниннің ерлік дастандары» баяндамалар  жасады.

Ақтөбе қаласы №31 орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі О.Идрисова, 6-класс оқушылары Қ.Төлеулиев, А.Сулжакова, А.Тұрсынова кітапхананың 55-жылдығына арналған «Балалардың рухани орталығы» атты ғылыми жобасымен таныстырды.

2016 жылы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» атты облыстық балалар сурет сайысын ұйымдастырды.
Негізгі тақырып: «Нұрпейіс Байғанинің  шығармалары – балалар суретінде».
Сайыс өту барысында облыс бойынша  115 талапкер өз шығармашылық еңбектерін ұсынды.
2016 жылдың 19 мамыр күні байқау бойынша ұйымдастырылған қазылар алқасының кеңесі өткізілді. Қазылар алқасының мүшелері:
1. Еспаев Айдар – суретші, Ақтөбе  облыстық Өнер музейінің экскурсоводы;
2. Есенжанқызы Жансая – Ақтөбе облыстық Өнер музейінің қор сақтаушысы;
3. Омарова Ләйля Есенкелдіқызы – Ақтөбе  облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  бөлім бастығы.
Қазылар алқасы барлық талапкерлердің жұмыстарымен танысып, сараптамаға салып, әділ бағаларын берді. Кеңес қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:
Бас жүлдеОрынбасар Айгерім – Қарғалы ауданы, Жосалы  орта бала бақша мектебі (12 жас)  
1 орын –      Мысыр Айгерім – Ақтөбе қ., №51 гимназиясы
2 орын –      Қарлығашева Дильназ – Мәртөк ауданы, №2 мектеп-гимназиясы
                    Мурзабаева Меруерт – Ақтөбе қ., №32 мектеп-гимназиясы (12 жас)
3 орын –      Өмірзақ Ару – Ырғыз ауданы, Нұра ауылы (9 жас)  
                    Дырко Денис  – Алға ауданы,
«Халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы арнайы сыйлығы» -
Алпамыс Әділет – Мұғалжар ауданы, Қаңдыағаш қ.
Сонымен қатар, келесі талапкерлер  ынталандыру сыйлығына ұсынылды:
1.      Даулетқалиева Ырысты – Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп
2.      Қангельдина Қымбат – Қарғалы ауданы
3.      Титов Александр – Қарғалы ауданы, Петропавловка с.
4.      Серікқызы Райгүл – Ырғыз ауданы.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні байқау жеңімпаздары  дипломдар, грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, №1 қызмет көрсету орталығы  өнерімен көрінген балаларға естелік сыйлықтарын ұсынды. 








Комментариев нет:

Отправить комментарий