пятница, 30 сентября 2016 г.

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздінің 25-жылдығы аясында халық ақыны, айтыскер әрі эпик жыршы-жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы «БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ» облыстық көркемсөз оқу сайысы өтті.

Қазылар  алқасы

1.     Гүлжан Мейірханқызы Маханова  – Ақтөбе облысының  мәдениет,  мұрағаттар  және құжаттама  басқармасының бас маманы
2.     Еркін Бақтияров - «Қазақстан  патриоты» республикалық журналының шеф-редакторы
3.     Есентүгел Амангелдіұлы Әзи – ақын-айтыскер
4.     Сұлушаш Максимқызы Хакимова – Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры

Сайысқа  12-15  жастағы балалар қатысып, ақынның 1 өлеңі немесе дастанынан үзінді жатқа оқыды.  
Нәтижесінде:
І-орын –  Жібек Сақиқызы – Ырғыз аудандық орталық балалар кітапханасы
ІІ-орын – Орынай Жанұзақова – Байғанин аудандық орталық балалар кітапханасы
                     Базарбаева Аяжан – Ақтөбе қаласы, №61 орта мектебі.
ІІІ-орын –    Әсем Тыныштыкова – Мәртөк аудандық орталық балалар кітапханасы
                     Қуанышбаева Мәлике – Шалқар аудандық орталық балалар кітапханасы



четверг, 15 сентября 2016 г.

Халық ақыны, айтыскер, жыршы-жырау Нұрпейіс Байғаниннің атындағы 
«БАЙҒАНИН ОҚУЛАРЫ - 2016» қалалық көркемсөз оқу сайысының жеңімпазы анықталды. 
Базарбаева Аяжан №61 орта мектебі 9 класс оқушысы