среда, 8 июня 2016 г.

2016 жылы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» жобасы аясында «Бақытты балалық шақ» атты облыстық балалар сурет сайысын ұйымдастырды.
Негізгі тақырып: «Нұрпейіс Байғанинің  шығармалары – балалар суретінде».
Сайыс өту барысында облыс бойынша  115 талапкер өз шығармашылық еңбектерін ұсынды.
2016 жылдың 19 мамыр күні байқау бойынша ұйымдастырылған қазылар алқасының кеңесі өткізілді. Қазылар алқасының мүшелері:
1. Еспаев Айдар – суретші, Ақтөбе  облыстық Өнер музейінің экскурсоводы;
2. Есенжанқызы Жансая – Ақтөбе облыстық Өнер музейінің қор сақтаушысы;
3. Омарова Ләйля Есенкелдіқызы – Ақтөбе  облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының  бөлім бастығы.
Қазылар алқасы барлық талапкерлердің жұмыстарымен танысып, сараптамаға салып, әділ бағаларын берді. Кеңес қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:
Бас жүлдеОрынбасар Айгерім – Қарғалы ауданы, Жосалы  орта бала бақша мектебі (12 жас)  
1 орын –        Мысыр Айгерім – Ақтөбе қ., №51 гимназиясы
2 орын –        Қарлығашева Дильназ – Мәртөк ауданы, №2 мектеп-гимназиясы
                        Мурзабаева Меруерт – Ақтөбе қ., №32 мектеп-гимназиясы (12 жас)
3 орын –        Өмірзақ Ару – Ырғыз ауданы, Нұра ауылы (9 жас)  
                        Дырко Денис  – Алға ауданы,
«Халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы арнайы сыйлығы» -
Алпамыс Әділет – Мұғалжар ауданы, Қаңдыағаш қ.
Сонымен қатар, келесі талапкерлер  ынталандыру сыйлығына ұсынылды:
1.      Даулетқалиева Ырысты – Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білІм беретін мектеп
2.      Қангельдина Қымбат – Қарғалы ауданы
3.      Титов Александр – Қарғалы ауданы, Петропавловка ауылы.
4.      Серікқызы Райгүл – Ырғыз ауданы.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні байқау жеңімпаздары  дипломдар, грамоталар және сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, №1 қызмет көрсету орталығы  өнерімен көрінген балаларға естелік сыйлықтарын ұсынды. 

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!