2016 жылы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы халық ақыны Нұрпейіс
Байғаниннің шығармашылығына арналған «Ұмытпас мені ғасырлар» жобасы
аясында «Бақытты балалық шақ» атты облыстық балалар сурет сайысын ұйымдастырды.
Негізгі
тақырып: «Нұрпейіс Байғанинің
шығармалары – балалар суретінде».
Сайыс өту
барысында облыс бойынша 115 талапкер өз шығармашылық еңбектерін
ұсынды.
2016 жылдың
19 мамыр күні байқау бойынша ұйымдастырылған қазылар алқасының кеңесі
өткізілді. Қазылар алқасының мүшелері:
1. Еспаев
Айдар – суретші, Ақтөбе облыстық Өнер музейінің
экскурсоводы;
2.
Есенжанқызы Жансая – Ақтөбе облыстық Өнер музейінің қор сақтаушысы;
3. Омарова Ләйля Есенкелдіқызы – Ақтөбе
облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім бастығы.
Қазылар
алқасы барлық талапкерлердің жұмыстарымен танысып, сараптамаға салып, әділ
бағаларын берді. Кеңес қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Орынбасар Айгерім – Қарғалы ауданы,
Жосалы орта бала бақша мектебі (12
жас)
1 орын – Мысыр Айгерім – Ақтөбе қ., №51
гимназиясы
2 орын – Қарлығашева Дильназ – Мәртөк ауданы, №2
мектеп-гимназиясы
Мурзабаева
Меруерт – Ақтөбе қ., №32 мектеп-гимназиясы (12 жас)
3 орын – Өмірзақ Ару – Ырғыз ауданы, Нұра ауылы
(9 жас)
Дырко
Денис – Алға ауданы,
«Халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин атындағы арнайы сыйлығы» -
Алпамыс Әділет – Мұғалжар ауданы, Қаңдыағаш қ.
Сонымен қатар, келесі талапкерлер ынталандыру
сыйлығына ұсынылды:
1. Даулетқалиева Ырысты – Шалқар ауданы, №8 жалпы орта білІм беретін мектеп
2. Қангельдина Қымбат – Қарғалы ауданы
3. Титов Александр – Қарғалы ауданы, Петропавловка ауылы.
4. Серікқызы Райгүл – Ырғыз ауданы.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні байқау
жеңімпаздары дипломдар, грамоталар және сыйлықтармен
марапатталады.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, №1 қызмет
көрсету орталығы өнерімен көрінген
балаларға естелік сыйлықтарын ұсынды.
Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!
Комментариев нет:
Отправить комментарий