пятница, 11 сентября 2020 г.

 НҰРПЕЙІС БАЙҒАНИН ШЫҒАРМАЛАРЫ


https://adebiportal.kz/kz/books/view/1045



МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП ЖАРИЯЛАУ ҮШІН РЕДАКЦИЯНЫҢ НЕМЕСЕ АВТОРДЫҢ ЖАЗБАША, АУЫЗША РҰҚСАТЫ ҚАЖЕТ ЖӘНЕ «ӘДЕБИЕТ ПОРТАЛЫНА» ГИПЕРСІЛТЕМЕ БЕРІЛУІ ТИІС. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ САҚТАЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҚР АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫМЕН ҚОРҒАЛАДЫ. ЭЛ. ПОШТА: ADEBIPORTAL@GMAIL.COM 8 (7172) 79 82 06 (ІШКІ – 112) © ADEBIPORTAL.KZ
HTTPS://ADEBIPORTAL.KZ/KZ/BOOKS/VIEW/1045

понедельник, 3 февраля 2020 г.


Биыл еліміз халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығын атап өтеді.
Нұрпейіс бабамыздың атын қасерлеп отырған рухани шаңырақ − облыстық балалар кітапханасы 60-жылға толады.
Атаулы мерейтойлар аясында кітапханада жыл бойы мәдени-көпшілік шаралар жоспарланған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «ОҚЫ, АҚТӨБЕЛІК  ӨРЕНІМ!» облыстық оқу марафонына биыл халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің  шығармалары таңдалды.
Ақынның мұрасын насихаттаудағы алғашқы шара «Мәңгі сөнбес жарқыраған шырақтай» әдеби кешімен басталды.   
Шараға ақынның келіні Манар Байғанина, немересі  Гүлмира Момынқызы, шөбересі Динара қатысты.
Мәдениет қайраткері Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек оқырмандарға  сөзге  бай, қазақ  халқының  қисапсыз мол сөз қазынасын түгел  меңгере білген Нұрпейіс атамыздың өмірі мен мәңгі өлмес мол мұрасы жайлы терең әңгіме қозғаса, «Нарқыз» жыр-терме мектебінің өнерпаздары қазақ әйелінің тыныс-тіршілігі жайында тереңнен толғайтын «Нарқыз» жырын төксе, Т.Ахтанов атындағы драма театрының әртістері тарихи қойылымнан үзінді көрсетіп жастарды патриоттыққа, бірлікке үндеді. «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
 Ақынның шығармашылығына арналған «Жырлары  өнеге, есімі  ардақты» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Оқу марафонының эстафета символын Темір аудандық балалар кітапханасына табыс етілді.
2020 жылдың ақпан – қазан айларында ізгі шара облыс аудандарында жалғастырылады.



Оқу марафоны