ҰРПАҚ ҮНІ

Сағи Жиенбаев


АСЫЛ АТАМ


Нұрпейіс Байғанинге

Ол — сонау  бір  сұрапыл кез болатын,
Батыс жаққа жаутаңдап көз қалатын.
Ақ жаулықтар желбіреп күндіз-түні,
Алпыс екі тамырдың  қозғалатын...

Жас та біткен көздегі, жыр да біткен,
Ел де күткен бір әнді, қыр да күткен...
Ақбоз үйдің төрінде отырдың сен
Әппақ шынар секілді шыңға біткен.

Көңілдегі ұйтқыған шаңды басып,
Құя берген нөсер - жыр таңға ұласып.
Есік жақта тұрған бір қара бала
Саған қарап ентелеп аузын ашып.

Сені ғана қоршаған күллі халық
жас баладай бір жылап, бір жұбанып.
Қара көздкр бір жайнап, бір қуарып.

Күн шуағын аямай мекенімнен, 
Тас төбеге тамылжып көтерілген.
...Сенен  қалмай жүгірген елмен бірге
Мен де келіп  ұстағам етегіңнен...

Туған далам жыр құйып таңдайыма,
Жазыпты өлең менің де маңдайыма.
Асыл атам, өзіңнен қалмайын деп,
Әлі келем жабысып шалғайыңа!




Жармағамбетов Т. Бәйтеректің жас шағы: повесть. / Жармағамбетов Т. // Ақ Жауын. – Алматы: Жазушы, 1984. – 184-270 беттерде. 

"Бәйтеректің жас шағы" - Тобықтың тарихи белгілі адамның өмір жолына бетбұрысын андатады. 
Нұрпейіс Байғаниннің аса дарынды халық ақыны болғаны баршамызға белгілі.
Ал, оның қаңдай орта, қай кезеңде, қалай ақын аталып танылған, халық дастанын, Құрманғазыдай ұлы күйшінің шығармаларын насихаттаушы да болғаны көпшілігімізге беймәлім.
Тобық Жармағамбетовтың бұл повесі бір ғана дарынды, аты қалың қазақ еліне машһүр халық ақынының өміріне арналған дәу де әбестік, хиқаяның бүкіл болмысынан дәуір тынысы кезең тірлігі, сол кездегі дәстүр, салт-сана, әділдік жолындағы елдің бай-манаптармен күресі жан-жақты суреттеледі.
Халық сүйікті, орақ тілді ақынын танытса, ақын халқын танытады.
М.Сүндетов 




Кітапхана оқырманы Сержан Камуновтың орындауында 
Нұрпейістің "Еңбек туралы жыры"











Сайлаубек   Әлихан
«Ақтөбе-жыр құшағында – 2010»
байқауының  І-дәрежелі диплом иегері,
Шалқар қаласы


Ақынның   дүрі – Нұрпейіс

Алмастың  қыны,
Арудың  нұры,
Жырларың  құдды бір  пейіш.
Халықтың   жыры,
Өлеңнің  пірі,
Ақынның  дүрі – Нұрпейіс.

Келіскен  пішін,
Періштембісің,
Арайлы  күндей  нұр  шашқан.
Жалғызымдайсың,
Нарқызыңдайсың,
Тоқтауды білмей жыр  
                                     шашқан.
Алланың  құлы,
Адамның ұлы,
Қазақтың күні – Нұрпеіс.
От  шашқан тілі,
Ұрпақтың үні,
Өлмейді, тірі – Нұрпейіс.

Оғындай мірдің,
Атасы жырдың,
Басымды идім, Нұр Бабам.
Сен туған елде,
Өзіңдей ерге, 
Жыр жазған мен де бір балаң.









Бауыржан  Жангелді
«Ақтөбе жыр құшағында-2010»
байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері
Байғанин ауданы


Ақын баба туралы ой

Жасынан аты шыққан ақын бабам,
Шындықпен  жүрекке жақындаған.
Тіріңде  батырларды жырлап өттің,
Бүгінде өзіңді аңсап жатыр далам.

Өлең сөзге ешқашан сарқылмаған,
Жан едің  ақ көңіл аңқылдаған.
«Отанды қорғаңдар» ,- деп  өлең жаздың,
Болсаңда біраз жасты  алқымдаған.

Әттең-ай сол жеңісті  көрмей өттің,
Соғысты жеңерімізді білмей өттің.
«Батыл бол»,-деп кеңес  әскеріне
Рух беріп, жандырып үндей өттің.

Бүгінде  соғыс бітті, бәрі бітті,
Өзіңдей жырауларды  елің күтті
Дегенмен  сендей жырау туа қоймас
Өнеріңмен таңқалдырған  барша жұртты.

Биыл міне туғаныңа 150 жыл
Біз үшін керемет жаңалық бұл,
Байғаниннің  Нұрпейісі деген кезде

Көз алдымда  ақша жүзді ақсақал тұр.








Наурызова Кәмила
«Ақтөбе жыр құшағында-2010»
 байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері
Темір ауданы

                                                      
Нұрпейіс   жыры  мәңгілік
                                                        

Нұрпейіс ақын ер еді
Нұрпейіс  дана, сері еді
Нұрпейістің рухын  өлтірмей
Асқақтатқан ел еді
Аспандатқан жері еді
Ақын жаны  кең еді
Ойлағаны  елі еді.
Халқым, жұртым дегенде
Талай шабыты  кеп еді
Дара  ақын ол еді.
Жұртына  өлең қалдырған
Нұрпейіс неге өледі?!
Ақын дауыл, ер еді!
Жазира дархан бел еді
Арыстандай ер еді
Әр ақынға ой салар,
Нұрпейістің өлең-өзені
Ақындар жырлап айтқандай
Нұрпейіс тіл мен көз еді.
Нұрпейіс жыры мәңгілік
Жүрегім оны сезеді
Қазақтың   асқан кемелі
Жұртының қамын жеп еді.
Жерлес бізге бабамыз
Мектебінен білім аламыз
Білім алып болған соң,
Биікке ұшып  самғармын!
Ескерткіштің  жанынан
Өтемін мен күн сайын
Баба рухын сезініп,
Тағзым етіп иіліп.
Соғыс салған  қасірет
Баба жүзінен байқалар
«мен өлмеймін, өлмеймін!»
                        Деген сөзі бабамның
Ғасырдан асып жеткені
Тойлап бүгін отырмыз
150 жылдық тойын біз
Соғыстың  салған ылаңы
Халқымыз көрген қасірет
Жеңіс күнін көре алмай
өтіп кеткен бабамның
65 жылдық  Жеңістің
Тойына қатар келгені
Жыршы туған топырақ
 «Сүлікті» деген жер еді
Мен үшін мысыр шаһары
Киелі топырақ ұрпаққа
Жырларын төгіп жатады.
Нұрпейістей ақынды
Ұлы пірім  санаймын
Қателессем мен-дағы
Жырларына қараймын.
Ақынның аты  өшпейді
Жұлдызы биік сөнбейді
Ақын тірі жырымен
Өлмейді  ақын, өлмейді!



Құрманбек Е. 
         Н.Байғанин: "Мен өлмеймін, өлмеймін". - 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) // Mangi El. - 2015. - №2. - 108-111 беттерде. 
http://e-history.kz/media/upload/1846/2015/05/06/3755a3f4218dc67742a06028981dc8eb.pdf 


Базарбаева Аяжан №61 орта мектебі 9 класс оқушысы


Комментариев нет:

Отправить комментарий