четверг, 25 августа 2016 г.

«Ақ орамал» республикалық акциясын қолдау мақсатында  Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ғажап» мүгедек балаларды қорғау орталығында «Сарқылмайтын жылылық, ана аты – ұлылық» атты кездесу ұйымдастырды.
Шараны кітапхана директоры С.М.Хакимова ашып, «Ақ орамал» акциясы болашақ ұрпақтың жүрегіне ізгілік ұялататынын атап кетті.
«Тазалық пен адалдықтың белгісі» атты презентация ақ түстің мән-мағынасын жан-жақты түсіндірді. 
«Ғажап» орталығының балалары А.Берталин, А.Қалдыбаева аналарға жырдан шашу шашса, А.Пилипенко, Н.Ғалым сазды бағдарламасын ұсынды.
Кітапхана әдіскері Г.С.Сейтімбетова  адамзат өмірінің негізі  - орамалдың киелігіне тоқталып, жас ана Ж.Кабиеваға ақ жаулық жапты. 
         Орталықтың тәрбиешілер - Ә.Түлеуқұлова, Б.Мырзабаева, Р.Иманбаева, С.Маймақова кітапхана ұжымына ризашылығын білдіріп,  өздерінің жүрекжарды жылы  лебіздерін жеткізді.
Тәрбия  әже  ақ батасын берді.
         Шара соңында тәлім-тәрбиесі мен тағылымы мол іс-шара алдағы  уақытта өз жалғасын табады деп сенім білдіріп, кітапхана ұжымы атынан  аналарға ақ орамал тарту етіліп, балаларға сый-сыяпат көрсетілді.