пятница, 27 января 2017 г.

2017 жылғы  27 қаңтарда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы күйші, домбырашы Момын Байғаниннің 80 жасқа толу құрметіне «Домбыра - дастан» атты әдеби-сазды қонақжайын ұйымдастырды. 
Шараның басты мақсаты күйдің қазақ болмысындағы орнын зерделеу, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  құрметті профессор Момын Байғаниннің еңбек жолымен таныстырып үлгі ету, құрметтеу.
Шара қонақтары:  
- белгілі күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  құрметті профессор, парасатты ұстаз Момын Байғанин, 
- мәдениет қайраткері, «Әйтеке би» облыстық мейірімділік қорының төрағасы Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек,
- А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің ұстазы Берік Ізбасқанов
- Момын Байғаниннің шәкірттері: белгілі күйші  Жайлау Жаншаұлы  Асылханов. 
Кітапхана оқырмандары белгілі күйші,  домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген  қызметкері,  құрметті профессор, парасатты ұстаз  Момын Байғаниннің өмірі мен еңбек жолымен тереңірек танысып, қонағымыз шәкірттерінің ықыласына бөленіп, сұхбаттасты.  
«Күй –дала симфониясы» кітап көрмесі мен «Күймен өрілген өмір» слайды арқылы қазақ халқының ғажайып күй өнері, ақын, жыршы Н.Байғаниннің жыраулық өнері, қазақ халқының атақты күйшілерімен   қатар Момын Нұрпейісұлының күйшілігі, ұстаздығы дәріптелді. 
«Желкен» әдеби клубының мүшелері Н.Байғанинің өлеңдері мен нақыл сөздерін  және Есенбай Дүйсенбаевтың М.Байғанинге арнаған «Күй» өлеңін оқып, сазды құттықтауларын ұсынды. 
Шара кеш иесі М.Байғанинің кітапхана оқырмандарымен бірлесе орындалаған күмбірлі күймен аяқталды.
Шараға «Желкен» әдеби клубының мүшелері, №11, №55, №61 орта мектептерінің жоғарғы класс оқушылары, А.Жұбанов   атындағы музыкалық, «Болашақ» көпсалалы колледждерінің студенттері, Қазанғап атындағы өнер мектебі, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы, №1, №3  балалар музыка мектебінің  оқушылары қатысты.